11 жасар қазақстандық шахматшы әлемдегі ең жас гроссмейстер атанды

Жұлдыз FM Корреспондент
11 жасар қазақстандық шахматшы әлемдегі ең жас гроссмейстер атанды

Қазақстандық шахматшы, 11 жасар Жансая Абдумәлік әлемдегі ең жас гроссмейстер атанды, деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан".

БӨЛІСУ

"Жансая Абдумәлік 2012 жылдың маусым айында Мәскеу және Алушта қалаларында өткен біріншіліктерде жеке рейтингісін 102 пунктке көтеріп, халықаралық гроссмейстер нормаларын орындады", -дейді Қазақстан-Британ техникалық университетінің баспасөз өкілдері. Сондай-ақ, хабарламада Абдумәліктің аталған университеттің ең жас студенті мәртебесіне ие болғандығы да айтылған. 

11 жасар шахматшы қыздың Гиннесс рекордтар кітабына енуі мүмкін екендігін де айта кетелік. 
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: aktau-business.com