«Дэвис кубогы». Қазақстан – Италия бірінші күні тең түсті

«Дэвис кубогы». Қазақстан – Италия бірінші күні тең түсті

Бүгін Астанада теннистен «Дэвис кубогі» әлемдік тобының алғашқы раунды аясында Қазақстан мен Италия арасындағы кездесу басталғанын хабарлаған болатынбыз. Бірінші күні өткен екі кездесу қорытындысы бойынша 1:1 есебі тіркелді.

Алғаш болып Қазақстан атынан кортқа шыққан Михаил Кукушкин Симоне Болеллимен күш сынасып, үш сетте қатарынан жеңіске жетті, есеп 7:6, 6:1, 6:2. Ал екінші ойында Андрей Голубев Андреас Сеппиге есе жіберіп алды. Алғашқы екі сетте отандасымыз 3:6, 3:6 есебімен жеңілгенімен, үшінші сетте тай-брейкте басым түсті. Бірақ, төртінші сет италиялық теннисшінің пайдасына шешілді. Есеп 2:6. Нәтижесінде жарыстың бірінші күні өткен екі кездесу қорытындысы бойынша 1:1 есебі тіркелді.

Айта кетейік, ертең жұптық сайыста Қазақстан атынан Александр Недовесов пен Андрей Голубаев, Италия құрамасынан Фабио Фоньини және Паоло Лоренци шығады. Үшінші күні жекелей сында 2 ойын жоспарланған.

Сурет: ktf.kz

Оқи отырыңыз

Астанада «Дэвис кубогы» жолындағы Қазақстан-Италия кездесуі басталды

Зарина Диас үшжылдық үзілістен кейін ұлттық құрамаға оралды

Зарина Диас: "Олимпиадаға Қазақстан атынан қатысу – мен үшін үлкен мақтаныш болар еді"

Ө. Сансызбай