Елбасы Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен кездесу өткізді

Елбасы Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен кездесу өткізді

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз - Халықаралық қыз-келіншектер күніне орай әйелдер қауымы өкілдерімен кездесті. Олардың қатарында танымал қазақстандық спортшылар Зарина Диас, Сабина Алтынбекова және Назым Қызайбай да бар. 

Елбасы жыл сайын дәстүрлі түрде мемлекет, қоғам өміріне белсенді араласып жүрген, өз кәсібінің білгірі, отбасы ұйытқысы болып отырған әйелдермен кездесу ұйымдастырып, мерекелерімен құттықтайды. Бұл дәстүр биыл да өз жалғасын тапты. Қазақстандық белсенді әйелдер қауымы Елбасыға президенттік сайлауға қатысуды өтінді. 

Өз кезегінде Нұрсұлтан Әбішұлы спортшы аруларды да назардан тыс қалдырмады. Ал спортшылар болса алдағы жоспарларымен бөлісті. Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы Зарина Диас WTA рейтингінің үздік ондығына кіруге талпынатынын жеткізсе, Сабина Алтынбекова да спорттан қол үзбейтінін жеткізді. 

Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысына ана мен балаға қамқорлық жасауға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған саясат жүргізіп отырғаны үшін алғыстарын айтты. Сонымен қатар халықтың және әрбір қазақстандық отбасының әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруды әрі қарай жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Ал мемлекет басшысы оларды келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, Қазақстанның барша әйелдер қауымына бақыт, денсаулық және бақ-береке тіледі. 

Сурет: akorda.kz

Оқи отырыңыз

Сабина Алтынбекова: "Армансыз күнім болмайды"

Сабина Алтынбекова жаңа жылды қалай қарсы алды? (видео)

Сабина Алтынбекова жаңа жетістігін «instagram» желісінде бөлісті

Сабина Алтынбекова блогерлерге алғыс айтты (видео)

Ө. Сансызбай