«Adidas» әлемде 300-ге жуық сауда орындарын жабады

«Adidas» әлемде 300-ге жуық сауда орындарын жабады

Немістің «Adidas» компаниясы әлемде 290-нан астам сауда нүктелерінің жұмысын тоқтатын болды. Бұл туралы компанияның атқарушы директоры Герберт Хайнер хабарлап отыр.

Көбіне спорттық тауарларға баса мән беретін компания сауда орындарының жабылу себебін түсіндіріп те отыр. Яғни, жабылғалы жатқан сауда дүкендері компанияға пайда түсірмеген, тиімді болмапты. Тағы бір айта кететіні, жабылғалы отырған сауда орындарының 200-ге жуығы Ресей жерінде орналасқан екен.

Айта кетейік, «Adidas» компаниясы соңғы жылдары өзге елдерде орналасқан сауда орындары мен фабрикаларының санын азайтып келеді. Компанияның атқарушы директоры Герберт Хайнердің айтуынша, «аdidas» дүниежүзілік нарықтағы өз орнын айқындауда жаңа бағытқа бет алған. 

Сурет: sports.ru

Оқи отырыңыз

Adidas ғарышкер стиліндегі кроссовкі шығарады

«Adidas» компаниясы Мессидің «Барселонадан» кеткенін қолдайды

Adidas "ақылды" қол сағат ұсынды

Ө. Сансызбай