Астанада «Дэвис кубогы» жолындағы Қазақстан-Италия кездесуі басталды

Астанада «Дэвис кубогы» жолындағы Қазақстан-Италия кездесуі басталды

Бүгін Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде «Дэвис кубогы» аясында Қазақстан мен Италия теннисшілері кездеседі.

Дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «Дэвис кубогына» Қазақстан құрамасынан Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесов және құраманың ең жас (18 жас) теннисшісі Дмитрий Попко шығады. Италия намысын қорғауға Фабио Фоньини, Андреас Сеппи, Симоне Болелли және Паоло Лоренци атты ракеткалары келіп отыр. Кеше тартылған жеребе бойынша кездесуді Михайл Кукишкин мен Симоне Болели бастайды. Кортқа екінші ойында Андрей Голубев пен Андреас Сеппи шығады.

Сенбі күні өтетін жұптық сайыста Қазақстан атынан Александр Недовесов пен Андрей Голубаев, Италия құрамасынан Фабио Фоньини және Паоло Лоренци шығады. Үшінші күні жекелей сында ойын жоспарланған.

Егер Қазақстан осы ойында жеңіске жететін болса үздік сегіздіктің қатарына қосылады. Италия қазір есеп бойынша 7-ші, Қазақстан 10-шы орында тұр. 

Айта кетейік, Қазақстан мен Италия теннисшілерінің арасындағы барлық ойынды «KazSport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Жолдаған: Әйгерім Тоқсанбек

Сурет: sports.astana.kz

Оқи отырыңыз

Зарина Диас үшжылдық үзілістен кейін ұлттық құрамаға оралды

Зарина Диас: "Олимпиадаға Қазақстан атынан қатысу – мен үшін үлкен мақтаныш болар еді"

Ө. Сансызбай