Қазақстандық спортшы әлем чемпионатына жолдама алды

Қазақстандық спортшы әлем чемпионатына жолдама алды

Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтті.

Оған 48 елдің спортшылары қатысты. Айтулы сында жақсы өнер көрсеткен жерлесіміз Ислам Сәлімов 200 метрге жүгіруден күміс жүлдені иеленсе, 400 метрге жүгіруден үшінші орынды еншілеп, ҚР рекордын жаңартты, – деп жазады 24.kz. Содан кейін Шардж қаласында өткен халықаралық турнирде Ислам 200, 400 метрге жүгіруден және ұзындыққа секіруден қола жүлдені иеленді. Исламның бапкері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Мощеевтің айтуынша, осы екі турнирдің қорытындысы бойынша Ислам мамыр айында Оңтүстік Корея елінің Сеул қаласында болатын әлем чемпионатына жолдама алды.

Авторы: Нұрлан Жақыпбеков

сурет: ggpht.com

Е. Қайрахан