«Барселона» Испания кубогының финалына шықты (видео)

«Барселона» Испания кубогының финалына шықты (видео)

Футболдан каталондық «Барселона» қарымта кездесуде «Вильярреалды» 1:3 есебімен екінші рет жеңіп, Испания кубогының финалына шықты. Ал олардың финалдағы қарсыласы - бильбаолық «Атлетик» болды.

«Камп Ноуда» өткен бірінші ойында да «блауграна» 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Түнде өткен ойында да дәл осы нәтиже тіркелді. Алдымен Неймар есеп ашса, 39 минутта Джонатан Дос Сантос таразы басын теңестірді. 69 минутта «Вильярреал» 10 ойыншымен қалды. Томас Пина Неймарға қарсы өрескел ойын бұзып, алаңнан қуылды. Төреші ысқырығы шалынғанша Неймар мен Суарес бір-бір голдан еншілеріне жазды.

Айта кетейік, Испания кубогының шешуші ойыны 30 мамыр күні өтеді. Әзірге қай стадионда өтетіні анықталған жоқ. Ал каталондық клуб басшылығы болса финалдық кездесудің «Сантяьго Бернабеуде» өткізуді Испания футбол федерациясына ұсынып отыр. 

Сурет: eurosport.ru

Оқи отырыңыз

«Барселона» «Реал» стадионында ойнағысы келеді

"Барселона" футболшыларының жалақылары қанша?

«Барселона» ойыншылары футболдан өзге қандай кәсіппен айналысады?

«Реалдың» Ди Марияны сатуының бір себебі айтылды

Ө. Сансызбай