«Барселона» «Реал» стадионында ойнағысы келеді

«Барселона» «Реал» стадионында ойнағысы келеді

Футболдан каталондық «Барселона» футбол клубының басшылығы Испания кубогының финалы «Сантьяго Бернабеуде» өткенін қалайды. Олар бұл ұсынысын Испания футбол федерациясына өтініш ретінде білдіріп те үлгерді.

2012 жылы да «блаугрананың» басшылығы Испания кубогының шешуші ойыны «корольдік клубтың» алаңында өткені дұрыс деп айтқан болатын. Бірақ, стадионда құрылыс жұмыстарының жүріп жатқанына байланысты «Атлетик» пен «Барселона» арасындағы ойын «Висенте Кальдеронда» өткен еді.

«Барселона» клубы үшін «Сантьяго Бернабеу» стадионы сәтті ойындарын өткізетін алаңдардың біріне жатады. Олар бұл стадионда жеті рет түрлі чемпиондық атаққа таласып, алтауында жеңімпаз атанған.

Айта кетейік, 2014/2015 жылғы маусымдағы Испания кубогының жартылай финалындағы екінші ойындар бүгін түнде өтеді. «Эспаньол» өз алаңында «Атлетикті» қабылдаса, каталондық «Барселона» «Вильярреалда» қонақта болады. Бірінші ойында 3:1 есебімен Луис Энрике командасы жеңіске жеткен болатын. 

Сурет: desktopwallpapers.org.ua

Оқи отырыңыз

"Барселона" футболшыларының жалақылары қанша?

«Барселона» ойыншылары футболдан өзге қандай кәсіппен айналысады?

«Реалдың» Ди Марияны сатуының бір себебі айтылды

«Бавария» бапкері жол апатына ұшырады

Ө. Сансызбай