Роза Рымбаева «Қайрат» клубына сәттілік тіледі

Роза Рымбаева «Қайрат» клубына сәттілік тіледі

Бүгін ресми түрде ойыншыларын таныстырған «Қайрат» футбол клубының салтанатты жиынына Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева арнайы ат басын бұрып, ұжымға жаңа маусымда сәттілік тіледі. Сонымен қатар, әнші Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап, салтанатты іс-шараның шымылдығын түрді.

- «Қайрат» - Қазақстанның беткеұстар клубтарының бірі. Нағыз бренд деп қабылдауға болады. Командаға жаңа маусымда жарқын жеңістер тілеймін. Сәттілік серік болсын, - деді әнші.

Айта кетейік, «Қайрат» клубының ойыншыларын ресми түрде таныстыру іс-шарасына шақырылған қонақтар қатарында Роза Рымбаевадан бөлек ардагер ойыншылар да болды. Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Хайрболат Хайдаров та клубқа сәттілік тілеп, жеңімпаз атануға тілектес екенін жеткізді. 

Сурет: massaget.kz

Оқи отырыңыз

«Қайрат» ойыншыларын ресми түрде таныстырды

«Астана - Cуперкубок иегері! (видео)

Қазақстанның ФИФА рейтингіндегі көрсеткіші қашан түзеледі?

Футболдан ел премьер-лигасының 2015 жылғы күнтізбесі жарияланды

Ө. Сансызбай