Роман Жайлауов жекпе-жек алдында жарақат алды

Роман Жайлауов жекпе-жек алдында жарақат алды

Кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген қазақстандық боксшы Роман Жайлауов бүгін Екатеринбургта ресейлік Вьячеслав Яковенкомен жұдырық түйістіруі тиіс болатын. Өкінішке орай, отандасымыз жекпе-жек алдында қолын сындырып алды.

Жарақат алған қазақстандық былғары қолғап шебері жұдырықтаса алмайтынын хабарлаған. Боксшының толық емделіп, шаршы алаңға оралатын уақыты мен келесі кездесуі туралы нақты мәлімет айтылып отырған жоқ.

Айта кетейік, 20 жастағы Роман Жайлауов осыған дейін 13 жекпе-жек өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтаған болатын. 

Сурет: sport.gov.kz

Оқи отырыңыз

Әуесқой және кәсіпқой бокстың ережелері мен айырмашылықтары

Кәсіпқой бокста ел намысын кімдер қорғап жүр?

Жан Косубуцкий кәсіпқой боксқа ауысты

Ө. Сансызбай