Қазақстан мектептеріне футбол негізгі пән болып енуі мүмкін

Қазақстан мектептеріне футбол негізгі пән болып енуі мүмкін

Еліміздің мектептерінде футбол спорты пән ретінде енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов УЕФА баспасөз қызметіне берген сұхбатында мәлімдеді.

- Біз футболды орта білім беру мектептеріне футболды сабақ ретінде өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл сауалды алдағы уақытта Парламент қарауына жібереміз. Елімізде футбол ойнағысы келетіндердің саны көп, бірақ барлығының бірдей мүмкіндігі жоқ, - деген ҚФФ президенті.

Айта кетейік, дәл осы жүйені осыдан бірнеше ай бұрын Қытай елі де қолға алған еді. 2017 жылдан бастап футбол ойыны «аспан асты елінің» мектептерінде негізгі бағдарламаларға енеді. Ал ол уақытқа дейін елде 20 000 астам футбол алаңдарын салуды жоспарға қойған. Дәл осындай спорт алаңдары мен жабық кешендер салу қазақ футболының жоспарына да енуі тиіс. Бұл туралы да Ерлан Қожағапанов өз ойын білдіре кеткен.

Біздің елдің басым бөлігінде қыс ұзаққа созылады. Ал жастарымыз жыл он екі ай жаттығуы үшін төбесі жабық футбол алаңдары қажет. Егер, 1 алаң 100 мың адамға жетеді деп есептесек, қазіргі таңда олардың саны 170 болуы керек екен. Өкініштісі, футбол нысандарын салу қаржы жағынан өте қиын мәселе, - деген.

Алға қойылып отырған жоспар алдағы Парламент қарауында талқыланатын болады. Оң шешімін тауып жатса, алдағы жылдары футбол мектеп бағдарламасына еніп қалуы да ғажап емес. 

Сурет: sports.kz

Оқи отырыңыз

Қытайлықтар футболды мектептің міндетті пәндері қатарына қоспақ

Ерлан Қожағапанов: Қазақстанда әрбір бала футболмен айналысуға мүмкіндік алса деп армандаймын

Қазақстан футбол федерациясына жаңа президент сайланды

Қазақстан 2026 жылы Футболдан әлем чемпионатын өткізуге ниетті

Қазақстан құрамасы Ресеймен жолдастық кездесу өткізетін болды

Ө. Сансызбай