Диас Кенешев - қазақ биатлонының жұлдызы

Диас Кенешев - қазақ биатлонының жұлдызы

Бірер күн бұрын оқырмандарды еліміздің мақтанышына айналған тұлғалармен таныстыруды бастаған болатынбыз. Бүгін осы дәстүрдің ізімен биатлоншы Диас Кенешев туралы әңгімелеп бермекпіз.

БӨЛІСУ

Диас Кенешев 1985 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Олимпиадалық ойындардың дебьютанты. 2009 жылы Әлем Чемпионатындағы жеке жарыста 33-ші болып мәре сызығын кесті. Ал Әлем Кубогындағы ең үздік нәтижені 2010 жылы көрсетті. Бұл жолы жерлесіміз спринтерлік жарыста 59 орынға ие болды. 

Диас шаңғыға алғаш рет мектеп кезінде тұрып, бұл спорттағы алғашқы қадамдарын басқан. Кейіннен Үржар жасөспірімдер спорт мектебіне түсіп, бітіріп шыққан. 

Содан соң, Риддердегі дарынды балаларға арналған спорт мектебіне түсті. Сол кезден-ақ шаңғы жарысы спортының бірінші разрядына ие болған ол мектеп-интернатты оңайлықпен бітіріп шығып, шеберлігін шыңдай түсті.

Кейіннен облыс чемпионы, республикалық чемпионаттың жүлдегері болды. Осыдан соң, спорт шебері статусына ие болды. Дарынды спортшы уақыттың өтуімен биатлонға көңілі ауып, өмірін осы салаға арнауға бел буды.

Жазғы биатлоннан өткен Әлем Чемпионатында қола, күміс жүлделерге ие болып үлгерген ол қазіргі таңда елге сыйлы азамат болып отыр. Диас сонымен қатар, Азия Чемпионатында биатлоннан жеңімпаз атанып, "Қазақстан Кубогына" да қол жеткізді.

Спортшының алғашқы ұстазы - Серғали Алтынбаев.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: wintersport.ucoz.kz