Африка кубогына қатысушы құрама ФИФА-ға шағым түсірмек

Африка кубогына қатысушы құрама ФИФА-ға шағым түсірмек

Бұл күндері Экваторлық Гвинея республикасында футболдан Африка кубогы ойындары өтуде. Жақында жарысқа қатысушы құрамалардың жағдайлары жасалмағаны мәлім болды.

Тунис ұлттық құрамасында өнер көрсететін «Монако» командасының ойыншысы Аймен Абденнур футболшылардың қиын жағдайда күн кешіп жүргенін хабарлаған. Футболшының айтуынша, олар тұрақтаған қонақүйде жарық түгіл, суда тапшы көрінеді. Бірақ, ұйымдастырушылар біртіндеп жағдайды қалпына келтіре бастағанмен, жарықты әлі орнатпаған. Футболшылар кешкі асты балауыз шам көмегімен ішіп жүр екен.

Айта кетейік, Африка кубогы 8 ақпанға дейін жалғасады. О баста бұл доданы Марокко елі қабылдауға тиіс болатын. Кейіннен Эбола дертінің етек жайып келе жатқанын ескерген ел жарысты өткізуден бас тартты. Ал ұлттық құрамасы болса іріктеуге қатыспағандықтан жолдамадан қағылды. Нәтижесінде Экваторлық Гвинея Африка кубогын қабылдауға мүмкіндік алған еді. Қазіргі таңда жарыс елдің Малабо, Бата, Монгомо,Эбебьин қалаларында өтуде.

Cурет: cafonline.com

Ө. Сансызбай