Мұхаммед Әлидің тағы бір қолғабы бәссаудаға қойылды

Мұхаммед Әлидің тағы бір қолғабы бәссаудаға қойылды

Танымал америкалық боксшы Мұхаммед Әлидің ең алғаш чемпиондық титулды қорғап қалған бокс қолғабы бәссаудаға қойылды. 

Сатылым 21 ақпан күні Нью-Йорк қаласындағы Heritage Auctions бәссауда үйінде өтеді. Мұхаммед Әлидің Сонни Листонға қарсы өткізген жекпе-жегінде киген чемпиондық қолғабының құны әзірге 500 мың АҚШ долларына бағаланып отыр.

Бұл қолғап Әли мен Листон арасындағы жекпе-жек алдында арнайы тапсырыспен тігілген. 1965 жылы 25 мамырда өткен жекпе-жек 17 секундтқа ғана созылған. Әли асқан жылдамғының арқасында бірінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа жіберген екен.
 
2014 жылдың тамыз айында Мұхаммед Әли ең алғаш жеңілген жекпе-жегінде киіп шыққан қолғап бәссауда да сатылған болатын. «Ғасыр жекпе-жегі» деп аталған кездесуде киген қолғап $388 мың долларға сатылды.
 
Мұхаммед Әли - бүгінге дейін Жыл боксшысы атағына 5 рет ие болған жалғыз спортшы саналады. Ол тек спортта ғана оза шауып қоймай, қоғамдық өмірге де белсене араласып, адамзатқа пайдалы игілікті жұмыстар жасап, әлем халқының махаббатына бөленді.

Сурет: novostimira.net

Н. Айдархан