Ольга Шишигина астаналық студенттерге дәріс оқиды

Ольга Шишигина астаналық студенттерге дәріс оқиды

26 қаңтары күні сағат 15.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Олимпиада чемпионы, ҚР Парламентінің депутаты Ольга Шишигина "Салауатты өмір салтынан – салауатты ұлтқа дейін" тақырыпта ашық дәріс өткізеді, деп жазады baq.kz.

Қазақстан халқы Ассемблеясының мерекелік жылына орайластырылған шараның мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, Қазақстанда спорттың дамуы мен оны насихаттау арқылы ұлттық рухты нығайту, жастарды спортпен шұғылдануға тарту.

Cондай-ақ кездесу барысында қазіргі кездегі этникааралық және дінаралық толеранттылық мәселелері, Қазақстандағы полиэтникалық қауымның қалыптасу жолы, мемлекеттік саясаттың этникааралық және конфессияаралық қарым-қатынастың негізгі бағыттары да сөз болады деп күтілуде.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ұйымдастырып отырған шараға Еуразия ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен магистранттар және докторанаттар қатысады.

сурет: yvimg.kz

Е. Қайрахан