Қазақстан жастар құрамасы Ресейді жеңе алмады

Қазақстан жастар құрамасы Ресейді жеңе алмады

Ресейдің Санкт-Петербор қаласында өтіп жатқан «Достастық кубогы-2015» халықаралық турнирінде Қазақстан жастар құрамасы алаң иелерінен ойсырай жеңілді.

Жүлделі орыннан үміт үзген Саулюс Ширмялис шәкірттері V орын үшін өткен кездесуде де жеңіліс тапты. Командалар бірінші таймда тең тарқасқан-ды. Ойындағы үш гол да екінші таймда соғылды. Үшеуін де алаң иелерінің ойыншылары өз еншісіне жазды. Ресейліктер төреші белгілеген екі пенальтиді сәтті орындап қана қоймай, бір голды ойын барысында соқты.

Қазақстан жастар құрамасы (U-21) үшін жарыс әлі аяқталған жоқ. 7-8 орындар үшін талас жүргізетін болады. Ол үшін Тәжікстан мен Қырғызстан жастар құрамаларының жеңілгенімен кездесетін болады.

Қазақстан – Ресей 0:3 (0:0)
Голдар: Евсеев 46 (пенальти), Гулиев 73, Евсеев 81 (пенальти)

Қазақстан: Павлов, Аслан(к), Сартаков, Узденов (Халезов 59), Рудосельский, Джалилов, Тұңғышбаев, Шаихов, Айымбетов (Сариев 64), Хайруллин (Сүлей 73), Родионов (Антипов 80).
Ресей: Лантратов, Живоглядов (Фомин 83), Кирисов (Ящук 52), Овсянников, Гулиев (Моргунов 73), Букия(К), Макаров, Якуба, Ходжаниязов, Курзенев (Евсеев 30), Козлов (Богаев 68).

Ескертулер: Тұңғышбаев 50, Рудосельский 79 – Гулиев 69
Төрешілер: Р.Галимов (Улан-Удэ), Р.Абусуев (Санкт-Петербор), Е.Болховитин

Айта кетейік, «Достастық кубогы-2015» халықаралық турнирінің жартылай финалына Беларусь, ОАР, Түрікменстан мен Финляндия жастар құрамалары шықты. 

Сурет: vesti.kz

Ө. Сансызбай