"Рио-2016 шәкіртақысын" алатын Қазақстан спортшылары анықталды

"Рио-2016 шәкіртақысын" алатын Қазақстан спортшылары анықталды

Халықаралық Олимпиада комитетінің "Олимпиадалық ынтымақтастық" бағадарламасы аясында "Рио-2016 шәкіртақысына" ие болған қазақстандық спортшылар белгілі болды.

Кеше confederation.kz сайты тізімге іліккен өз спортшыларының (16 адамның) тізімін жариялаған болатын. Бүгін "Алаш айнасы" газеті ҚР Мәдениет және спорт министрлігіндегі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне жүгіне отырып, толық тізімді жариялады.

 "Рио-2016 шәкіртақысына" ие болған Қазақстан спортшыларының толық тізімі төмендегідей:

1. Ольга Рыпакова – жеңіл атлетика
2. Әділбек Ниязымбетов – бокс
3. Данияр Елеусінов – бокс
4. Зульфия Чиншанло – ауыр атлетика
5. Илья Ильин – ауыр атлетика
6. Алмат Кебісбаев – грек-рим күресі
7. Дмитрий Баландин – жүзу
8. Гузель Манюрова – әйелдер күресі
9. Максим Раков – дзюдо
10. Эльмир Әлімжанов – семсерлесу
11. Иван Дычко – бокс
12. Азамат Мұқанов – дзюдо
13. Екатерина Руденко – жүзу
14. Сергей Емельянов – каноэде ескек есу
15. Майя Манеза – ауыр атлетика
16. Берік Әбдірахманов – бокс
17. Тимофей Емельянов – каноэде ескек есу
18. Расул Қалиев – еркін күрес
19. Нұрсұлтан Мамаев – таэквондо
20. Жәнібек Әлімханұлы – бокс
21. Елдос Сметов – дзюдо
22. Нұрмахан Тынәлиев – грек-рим күресі
23. Маргарита Мұқашева – жеңіл атлетика
24. Мария Дмитриенко – стенд ату
25. Никита Филиппов – жеңіл атлетика

"Олимпиадалық ынтымақтастық" – Халықаралық Олимпиада комитетінің олимпиадалық қозғалысты дамытуға арналған бағдарламасы. Ол үшін Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті әрбір ұлттық федерация ұсынған, шәкіртақы алуға лайықты деген спортшылар тізімін халықаралық ұйымға жіберген екен. Өтінімдерді қабылдаған ХОК шәкіртақы алуға лайықты спортшыларды анықтады.

Сурет: uvp.almaty.kz

Н. Айдархан