Египетте жанкүйерлердің стадионға келуіне рұқсат берілді

Египетте жанкүйерлердің стадионға келуіне рұқсат берілді

Египет футбол федерациясы ішкі біріншіліктегі кездесулерді тамашалауға жанкүйерлердің келуіне рұқсат берді. 2012 жылғы қайғылы оқиғадан кейін ел басшылығы алаңға жанкүйерлердің жиналуына шектеу қойған еді.

Жаңа ережеге сәйкес, Каир мен Александрия қалаларында 10 мыңға жуық жанкүйерлердің жиналуына рұқсат берілсе, өзге қалаларда 5 мыңнан аспауы тиіс болды. Сонымен қатар, «Аль-Ахли", «Замалек», «Аль-Иттихад», «Исмаили», «Аль-Масри» және «Даманхур» командаларының өзара ойындарына жанкүйерлердің келуіне рұқсат берілмеді.

Естеріңізге сала кетсек, 2012 жылдың 2-ақпанындағы «Аль-Масри» мен «Аль-Ахли» командалары арасындағы ойын жаппай қақтығысқа ұласып, 74 адамның өмірін қиған еді. 

Сурет: sports.ru

Ө. Сансызбай