Икер Касильяс "Реал" сапында 700-ші ойынын өткізді

Икер Касильяс "Реал" сапында 700-ші ойынын өткізді

Мадридтік "Реал" клубының 33 жастағы қақпашысы Икер Касильяс команда сапындағы 700-ші ойынын өткізді. Бұл ойын клубтар арасындағы Әлем чемпионатынның финалында Аргентинаның "Сан Лоренцо" командасына қарсы өтті.

Касильяс "Реал" сапында көп ойын өткізген футболшылардың қатарында үшінші орында келеді. Бірінші орын әйгілі футболшы Раульдің еншісінде. Ол "Корольдік клуб" сапында 741 ойын өткізген. Ал, екінші орын 710 ойын өткізген Мануэль Санчиске тиесілі.

Касильяс "Реалдің" тәрбиеленушісі саналады. Ол 1999 жылдан бастап команданың негізгі құрамында ойнай бастады. Қақпашы 696 рет команданың негізгі құрамында өнер көрсетіп, оның төртеуінде ойын ортасыннан алаңғы шыққан. Оның қатысуымен болған ойында "Реал" командасы 448 рет жеңіске жеткен.

Сурет: telegraf.com.ua

Н. Айдархан