"Реал" клубтар арасындағы Әлем чемпионатын тұңғыш рет жеңіп алды

"Реал" клубтар арасындағы Әлем чемпионатын тұңғыш рет жеңіп алды

Мадридтің "Реал" футбол командасы клубтар арасындағы Әлем чемпионатынның финалында Аргентинаның "Сан Лоренцо" командасын 2:0 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды.

Марокконың Марракеше стадионында өткен ойын аса тартысты өтті. "Реал" сапынан Серхио Рамос (37 минутта) пен Гарет Бэйл (51 минутта) көзге түсті. Ойынды "Евроспорт " телеарнасы тікелей эфирде таратты.

"Реал" командасы құрлықаралық кубокты 1960, 1998, 2002 жылдары жеңіп алған болатын. Алайда өз тарихында клубтар арасындағы Әлем чемпионатын тұңғыш рет иеленіп отыр.

«Реал» сапында бұл атақты екінші рет бағындырған ойыншылар да бар. Оның бірі - Криштиану Роналду болса, екіншісі - Тони Кроос. Португалдық ойыншы 2008 жылы ағылшындық «Манчестер Юнайтед» командасында жүргенде жеңіп алса, неміс жартылай қорғаушысы өткен жылы «Бавариямен» бас жүлдені иеленіп қайтқан еді. Сонымен қатар, Карло Анчелотти да бапкерлік мансабында бұл биікті екінші бағындырды.

Естеріңізге сала кетсек, клубтар арасындағы Әлем чемпионаты ең алғаш 2000 жылы Бразилияда өткен болатын. Бұл турнир УЕФА чемпиондар лигасының жеңімпазы мен Либертадорес Кубогын алғандар арасында жыл сайын ойнатылып тұратын құрлықаралық кубоктың заңды мұрагері саналады. 

Клубтар арасындағы Әлем чемпионаты. Финал.
"Реал Мадрид" – "Сан-Лоренсо" 2:0 (1:0, 1:0)
Голдар: 1:0 – 37 Рамос, 2:0 – 51 Бэйл.
"Реал Мадрид" – Касильяс, Рамос (Варан, 89), Карвахаль (Арбелоа, 73), Пепе, Марсело (Коэнтрау, 44), Иско, Хамес, Бэйл, Кроос, Бензема, Роналду.
"Сан-Лоренсо" – Торрико, Мас, Каннеманн, Йепес (Сетто, 61), Буффарини, Калински, Мерсьер, Барриентос, Ортигоса, Верон (Романьоли, 57), Каутеруччо (Матос, 68).
Ескертулер:  Ортигоса (12), Барриентос (16), Рамос (22), Карвахаль (30), Буффарини (55), Каннеманн (85).

Сурет: tvzvezda.ru

Н. Айдархан