Стерлинг "Golden Boy" сыйлығын иеленді

Стерлинг "Golden Boy" сыйлығын иеленді

Италиялық Tuttosport  газеті "Golden Boy-2014" байқауының жеңімпаздарын жариялады. Бұл байқау жыл сайын Еуропадағы 21 жасқа дейінгі ең үздік футболшыға беріледі.

Аталмыш сыйлықты "Ливерпуль" клубының жартылай қорғаушысы Рахим Стерлинг иеленді. "Golden Boy" сыйлығына 20 жастағы ағылшын футболшысынан бөлек «Аякс» шабуылшысы Аркадиуш Милик, «Интер» жартылай қорғаушысы Матео Ковачич және «Барселона» жартылай қорғаушысы Мунирни үміткер атанған болатын.

Стерлинг биылғы ағылшын премьер-лигасында 33 ойын өткізіп, 9 гол салған және 7 рет нәтижелі пас берген. 

Естеріңізге сала кетсек, "Golden Boy" сыйлығын бұған дейін Лионель Месси, Уэйн Руни, Сеск Фабрегас, Марио Гетце және Иско сынды футболшылар алған болатын. Өткен жылы бұл атаққа "Ювентус" командасының жартылай қорғаушысы Полю Погба лайық деп табылды.

Сурет: eurosport.ru

Н. Айдархан