Қазақстан жастар құрамасына «Барселонаны» баптаған жаттықтырушы келді

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан жастар құрамасына «Барселонаны» баптаған жаттықтырушы келді

Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасын испандық маман Карлес Марторелл Бакес жаттықтыратын болды. Жаттықтырушы «Барселона» бапкерлер кеңесі құрамында болған.

БӨЛІСУ

Жастар құрамасына келген бапкер ертең ресми түрде таныстырылатын болады. Ол Қазақстанға алғаш рет ат басын бұрып отырған жоқ. Осыған дейін Испания жастар құрамасымен бірге ҚР Президенті Кубогын иеленіп кеткен болатын.

Айта кетейік, Карлес Марторелл Бакес «Барселона» клубында жұмыс істеп жүрген кезде бапкерлік әдістеме бойынша ФИФА-ның «PRO A» дәрежесіндегі лицензияны иеленген. Бұл Испаниядағы бапкерлердің жоғарғы дәрежесі болып саналады. Сондай-ақ, бапкер каталондық клубтың бапкерлер қосынында директор, және ойын жүйесіне жауапты адамдардың бірі болған.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстан жастар құрамасын (U-17) Константин Фролов жаттықтырып келген еді. 

Сурет:footballcamp.kz