Қазақстан жастар құрамасы жоғарғы топқа жолдама алды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан жастар құрамасы жоғарғы топқа жолдама алды

Хоккейден Венгрияның Дунайварош қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы (U-20) төрт ойын қатарынан жеңіске жетіп, бірінші дивизионның «А» тобында бақ сынауға мүмкіндік алды.

БӨЛІСУ

Мұз айдындағы дода әлі мәресіне жеткен жоқ. Десе де отандастарымыздың Украина, Жапония, Франция және Венгрия құрамаларынан басым түсуі – жоғарғы дивизионның «А» тобына өтуіне жолдама сыйлады. Ал бұл топта жас болса да, қарымы жоғары құрамалар бақ сынайды.

20 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан бұл әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы (U-20) соңғы ойынын поляктарға қарсы өткізеді. Бірақ, ойынның жерлестеріміз үшін маңызы аса жоғары емес. Топта еш құрама қара үзіп кеткен Сергей Старыгин шәкірттеріне жете алмайды. Польшамен өтетін ойын ертеңге жоспарланған.  

Cурет: prosportkz.kz