Златан Ибрагимович Швециядағы алғашқы миллиардер-спортшы атанды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Златан Ибрагимович Швециядағы алғашқы миллиардер-спортшы атанды

"ПСЖ" командасының және Швеция құрамасының шабуылшысы Златан Ибрагимович Швециядағы алғашқы миллиардер-спортшы атанды.

БӨЛІСУ

 Биылғы жылы 33 жастағы шабуылшының қаржылық жағдайы алты миллард швед кронынан асты. Тиісінше бұл көрсеткіш оны Швециядағы ең бай адамдардың қатарында 147-ші орынға көтерілуіне ықпал етті.

Ибрагимович бұл жетістігі арқылы скандинавия елдерінің ішінде "миллиардер" атанған алғашқы спортшы атанып отыр. БАҚ өкілдері футболшының негізгі табысы жарнама роликтерінен түседі диді.

Златанның Volvo автомобилін жарнамалаған ролигі 2014 жылдың қорытындысы бойынша YouTube сайтында 5 миллион көрілім жинаған. Аталған жарнама ролигі осылайша жылдың ең танымал клиптерінің көшін бастады. 

 
Сурет: smotrisport.tv