«Достастық кубогының» жеребесі тартылды

О Сансызбай Корреспондент
«Достастық кубогының» жеребесі тартылды

Футболдан жылдағы дәстүр бойынша Мәскеуде өтетін «Достастық кубогы» халықаралық турнирінің жеребесі тартылып, Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары белгілі болды.

БӨЛІСУ

Отандастарымыз «С» тобында өнер көрсетеді. Қарсыластар – Литва, Тәжікстан және ОАР жастар құрамалары. «Достастық Кубогы-2015» халықаралық турнирі 16-25 қаңтар аралығында өтеді. Жарысқа барлығы 12 елдің жастар құрамасы қатысады. Тағы бір айта кететін жайт, турнир о бастан бұрынғы КСРО мемлекеттері арасында 1993 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 2011 жылға дейін осы елдердің футбол клубтары арасында өтсе, 2012 жылдан бастап жастар құрамалары арасында өтетін болып шешілген. Саяси жағдайларға байланысты 2015 жылғы додаға соңғы жарыс жеңімпаздары Украина жастар құрамасы қатыспайды. Одан өзге Финляндия мен ОАР жастар құрамалары турнир тарихында алғаш рет бақ сынағалы отыр.

Өзге топтар:

«А» тобы: Беларусь, Түрікменстан, Эстония, Финляндия
«В» тобы: Молдова, Қырғызстан, Ресей, Латвия

Сурет: kff.kz