Тимур Құлыбаев І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

О Сансызбай Корреспондент
Тимур Құлыбаев І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының төрағасы, Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Бұл туралы ҚБФ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

«Барыс» орденін тағайындау 1999 жылы бекітіліп, сол уақыттан бері беріліп келеді. Бұл орден:

• Қазақстан Республикасынын мемлекеттігі мен егемендігін нығайту iciнe;

• бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге;

• мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте;

• халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға;

• ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға;

• мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытуға ерекше еңбек ciңipгeн азаматтарға беріледі.

Сурет: confederation.kz