Пеленің денсаулығы сыр берді

О Сансызбай Корреспондент
Пеленің денсаулығы сыр берді

Футбол тарихындағы даңқты тұлға Пеленің денсаулығы нашарлап, ауруханаға түсті. Теңбіл доптың тарланы қазіргі таңда жансақтау бөліміне жатқызылыпты. Ал көмекшісі Хосе Форнес «футбол королінің» денсаулығы бірқалыпты екенін жеткізді.

БӨЛІСУ

74 жасқа келген Пеле бір аптаның ішінде екінші рет ауруханаға жатқызылып отыр. Басында әйгілі футбол ардагері асқазаны аурыратындығын айтқан. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша, оның бүйрегінде тас бар екендігі анықталып, содан соң несеп жолдарынан инфекция табылған.

Бразилия елінің атын шығарған ойыншыны ХХ ғасырдың ғана ұлы футболшысы емес, спорт тарихындағы даңқты тұлға деп бағалауға болады.

Пеле (Эдсон Арантис ду Насименту) өз заманында жасындай жарқылдады. Бразилия ұлттық құрамасымен үш рет әлем чемпионатын (1958, 1962 және 1970 ж) жеңіп алды. Осы жетістігінің өзі футболшының абыройын асқақтатпаса, төмендеткен емес. Тіпті, сөз арасында тәуір ойнаған ойыншыға «Пеле болып кетіпсің ғой» деген қошемет сөзден-ақ бразилиялықтың беделін бағамдай берсеңіз болады.

Сурет: gazeta.ru