Головкин "2014 жылдың үздік боксшысы" атағына үміткер атанды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Головкин "2014 жылдың үздік боксшысы" атағына үміткер атанды

Орта салмақта WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, WBC аталымының уақытша чемпионы белбеуінің иегері отандасымыз Геннадий Головкин "2014 жылдың үздік боксшысы" атағына үміткер атанды.

БӨЛІСУ

Жылдың ең үздік боксшысын америкалық белгілі "Bleacher Report" басылымы анықтағалы отыр. Бұл атаққа отандасымызбен қатар, филиппиндік Мэнни Пакьяо, ресейлік Сергей Ковалев, мексикалық Сауль "Канело" Альварес, америкалық Теренс Кроуфорд сынды танымал боксшылар таласады.

Жерлесімізге дауыс беру үшін мына сілтемеге өте аласыздар. (Дауыс беру тетігі сайттың сол жақ бөлігінде орналасқан).

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылы Геннадий Головкин үш рет шаршы алаңға көтеріліп, барлық жекпе-жегін уақытынан бұрын жеңіспен аяқтаған болатын. Ең бірінші ол 1 ақпанда ганалық Осуман Адаманы тізе бүктірсе, 27 шілде күні австралиялық Дэниэл Гилмен кездесіп, 3-раундта ұрып құлатты. Головкин үшінші жекпе-жегін 18 қазан күні мексикалық Марко Антонио Рубиоға қарсы өткізіп, 2-раундта нокаутқа жіберді.

Сурет: matritca.kz