«Adidas» Африка кубогының ресми добын таныстырды

О Сансызбай Корреспондент
«Adidas» Африка кубогының ресми добын таныстырды

Әйгілі ««аdidas» компаниясы футболдан 2015 жылы өтетін Африка кубогының ресми добын таныстырды. Допқа «Marhaba» деген атау беріліпті.

БӨЛІСУ

Футболдан Африка кубогы алдағы жылдың 17 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. О баста бұл доданы Марокко елі қабылдауға тиіс болатын. Кейіннен Эбола дертінің етек жайып келе жатқанын ескерген ел жарысты өткізуден бас тартты. Ал ұлттық құрамасы болса іріктеуге қатыспағандықтан жолдамадан қағылды. Нәтижесінде Экваторлық Гвинея Африка кубогын қабылдауға мүмкіндік алып, қазіргі таңда 4 қаласын (Малабо, Бата, Монгомо,Эбебьин) футбол мерекесіне дайындап жатыр.

2015 жылғы Африка кубогы ойындарына 16 құрама қатысады. Ал жеребе тарту рәсімі 3 желтоқсанға жоспарланған. Қазіргі таңда құрамалар рейтингтік көрсеткіштеріне байланысты 4 себетке бөлінген.

1 себет: Экваторлық Гвинея, Гана, Замбия, Буркина-Фасо.
2 себет: Кот д'Ивуар, Мали, Тунис, Алжир.
3 себет:  Кабо-Верде, ОАР, Габон, Конго Демократиялық Республикасы.
4 себет: Камерун, Сенегал, Гвинея, Конго.

2013 жылғы Африка кубогын Нигерия құрамасы жеңіп алған болатын. Ал бұл атақты ең көп бағындырған құрамалар көшін Египет бастап тұр. Олар 7 рет Африка чемпионы атанған.

Сурет: sport.news.am