2016 жылы Бразилияда өтетін Олимпиаданың басты рәмізі таныстырылды

О Сансызбай Корреспондент
2016 жылы Бразилияда өтетін Олимпиаданың басты рәмізі таныстырылды

2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада мен Паралимпиада ойындарының басты рәмізі (талисман) көпшілікке ұсынылды.

БӨЛІСУ

Олимпиаданың басты рәмізі жергілікті хайуанаттар әлемі (фауна) мен өсімдіктер дүниесі (флора) негізінде ойластырылып, құралған. Хайуанаттар дүниесі негізінде алынған белгі мысыққа ұқсас аң түрінде келсе, өсімдіктер әлемі негізіндегі белгі жапырақ жайып тұрған ағашты елестетеді.

Олимпиаданың басты рәмізінің әзірге аты таңдалған жоқ. Алдағы уақытта Бразилия халқы ғаламтор арқылы дауыс беретін болады. Дауысқа үш нұсқа ұсынылып отыр. Олар: Оба мен Эба, Тиба-Туки және Эскиндим, Винисиус пен Том. Соңғы нұсқа әйгілі бразилиялық танымал музыкант және композитор Винисиус Морайс пен Том Жоби құрметіне арналған.

Естеріңізге сала кетсек, Рио-де-Жанейро 2016 жылғы Олимпиада ойындарын өткізу құқығын 2009 жылы иеленген болатын. Төрткүл дүние көз тігер дода 2016 жылдың 5-21-тамыз аралығында өтеді. Бразилиялық қаламен қоса бұл құқықты иеленуге Мадрид, Токио және Чикаго қалалары да таласқан-ды.

Сурет: rio2016.com