Франциядағы Гран-при турнирінде Денис Тен үшінші орын иеленді

Франциядағы Гран-при турнирінде Денис Тен үшінші орын иеленді

Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, отандасымыз Денис Тен мәнерлеп сырғанаудан Францияның Бордо қаласында өткен әлемдік Гран-при турнирінде үшінші орын иеленді.

Денис Тен қысқа бағдарламада 91,78 ұпай жинап, үздік нәтиже көрсетті. Ал, негізгі бағдарламаны орындау кезінде құлап қалып, төрешілерден төмен ұпай алып қалды. Нәтижесінде төрешілер оны 144,50 ұпаймен бағалады. 

Екі бағдарлама қорытындысы бойынша Денис Тен 236,38 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады. 

Бұл турнирде ресейлік Максим Ковтун 243,35 ұпай жинап жеңімпаз атанса, жапониялық Тацуки Мацида 237,74 ұпаймен екінші орынды иеленді.

Денис Тен осыған дейін АҚШ-та өткен әлемдік Гран-при турнирінде төртінші орын алған еді.

Енді Тен наурыз айында Шанхай қаласында өтетін Әлем чемпионатында бақ сынайды.

Сурет: bravica.su

Н. Айдархан