«Қайрат» - ҚР Кубогының иегері! (видео)

О Сансызбай Корреспондент
«Қайрат» - ҚР Кубогының иегері! (видео)

Футболдан ел кубогының жеңімпазы анықталды. «Астана-Арена» стадионында өткен ойында алматылық «Қайрат» «Ақтөбені» 4:1 есебімен жеңді.

БӨЛІСУ

Ел біріншілігін аяқтаған ойын Владимир Вайсс шәкірттерінің жеңісімен аяқталды. 19 минутта Роберт Арзуманян өз қақпасына гол өткізіп алып, алматылық клубты алға шығарды. Араға 10 минут сала Юрий Логвиненко таразы басын теңестіргенмен, көп уақыт созбай-ақ Жерар Гоу «Қайратты» қайта алға шығарды. Екінші таймда да Владимир Газзаев командасы «Қайрат» шабуылшыларын тұсап ұстай алмады. Нәтижесінде 64 минутта Жерар Гоу дубль авторы атанса, 85 минутта Аслан Дарабаев ойынның соңғы нүктесін қойды.


Айта кетейік, «Қайрат» ҚР Кубогын өз тарихында алтыншы рет иеленіп отыр. Бұл ел клубтары арасындағы рекордтық көрсеткіш. Соңғы рет 2003 жылы бұл межені бағындырса, одан кейінгі екі маусымда финалда сүрінген болатын.

Сонымен қатар, бүгінгі ел кубогының финалын әлемдік аренада еліміздің абыройын асқақтатып жүрген боксшы Геннадий Головкин тамашалады. 

Сурет: vesti.kz

Видео: sports.kz