Қазақ балуандары жартылай финалға шықты

Қазақ балуандары жартылай финалға шықты

Қазақ күресінен киелі Тараз топырағында өтіп жатқан «Еуразия барысы» ІІ халықаралық турнирінің ширек финалында қазақ балуандары Әзірбайжан елінен келген қарсыластарын қапыда қалдырды. Есеп 5:0.

Алғаш болып боз кілемге көтерілген Абзал Арыстанбеков қарсыласы Ариф Шахларовты оңай жеңді. Ал екінші болып белдескен Қайрат Ағыбаевтың қарсыласы қарымды шыққанымен, жерлесіміз ұпай айырмашылығымен жеңіске жетті. Дәулетхан Жақыпов та өз белдесуінде белсенділік танытса, 2014 жылғы «Қазақстан барысы» Мұхит Тұрсынов айқын жеңіске жетті. Ауыр салмақтағы Айбек Нұғымаров ұпай айырмасымен басым түсті. Отандастарымыз Грузия құрамасымен финал жолдамасын сарапқа салатын болады.

Айта кетейік, «Еуразия барысы» халықаралық жарысының жалпы жүлде қоры – 100 мың АҚШ доллары. Жеңімпаздармен қатар жүлдеге іліккендер және алғаш сегіздікке енген құрама командаларға ақшалай сыйақыларберіледі.

І орын – 50 мың $;

ІІ орын – 20 мың $;

ІІІ орын – 10 мың $;

ІV орын – 6 мың $;

V орын – 5 мың $;

VI орын – 4 мың $;

VII орын – 3 мың $;

VIII орын – 2 мың $;

Сурет: massaget.kz

Ө. Сансызбай