Төрт құрама «Еуразия барысын» аяқтады

Төрт құрама «Еуразия барысын» аяқтады

Қазақ күресінен Таразда өтіп жатқан «Еуразия барысы» ІІ халықаралық турнирін төрт құрама ерте аяқтады. Боз кілемдегі бірінші белдесулерде жерлестерімізге есе жіберген қытайлық балуандар алғашқылардың бірі болып жарыстан шықса, кейіннен Польша, Өзбекстан мен Ресей балуандары жарыс жолынан шықты.

Поляк балуандары 3:2 есебімен украиндарға жеңілсе, ресейліктер моңғолдарға мүлде қарсылық таныта алмады. Ал бір балуаны жаттығу сәтінде жарақат алып қалған Өзбекстан құрамасы 3:2 нәтижесімен тәжіктерген есе жіберді. Санаулы минуттардан кейін ширек финалдық белдесулер басталады. Қазақстан құрамасы Әзірбайжан елінен келген балуандармен күреседі.

Сурет: massaget.kz

Ө. Сансызбай