«Еуразия барысы». Әзірбайжан мен Грузия балуандары белгілі болды

«Еуразия барысы». Әзірбайжан мен Грузия балуандары белгілі болды

22 қараша күні Тараз қаласында қазақ күресінен «Еуразия барысы» халықаралық турнирі өтеді. Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған турнирге 12 құрама қатысады. 

«Еуразия барысында» бақ сынайтын Әзірбайжан мен Грузия балуандарының есімі анықталды. Тбилисиден келген білекті жігіттерді жергілікті бапкер Арутюнян Карен жаттықтырады.

Әзірбайжан құрамасы:

1.Ариф Шахларов.
Бойы: 160 см.
Салмағы: 60 келі.
1993 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері: 
– 2014 жылы сумодан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;
– 2014 жылы дзюдодан Әзірбайжан чемпионы;

2.Рамиль Гасымов.
Бойы; 170 см.
Салмағы: 70 келі.
1981 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– 2009 жылы самбодан өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері;
– 2010 самбодан жылы өткен Еуропа чемпионатының жеңімпазы;
– 2011 дзюдодан жылы Әлем кубогының иегері.

3.Сейран Рагимов.
Бойы: 178 см.
Салмағы: 80 келі.
1985 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– 2004 жылы самбодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері;
– 2005 жылы самбодан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;

4.Эльхан Раджабли.
Бойы: 172 см.
Салмағы: 90 кг.
1980 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– 2001 жылы дзюдодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері;
– 2004 жылы дзюдодан әскери қызметкерлер арасында өткен Әлем
чемпионатының жеңімпазы;
– 2004 жылы дзюдодан Әлем кубогының бес дүркін жеңімпазы;

5.Заур Багиров.
Бойы: 184 см.
Салмағы: 115 кг.
1977 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:– 2009 жылы сумодан Еуропа чемпионатының жеңімпазы;
– 2013 жылы қазақ күресінен өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері;

Грузия құрамасы:

1.Лаша Гиунашвили
Бойы: 167 см.
Салмағы: 60 келі.
1992 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– Грузияның ұлттық күресінен өз елінің бірнеше жүркін жеңімпазы;
– 2013 қазақ күресінен өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері;
– 2014 Дзюдодан Грузия Чемпионы

2.Звиади Одошашвили
Бойы: 172 см.
Салмағы: 68 келі.
1989 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– 2014 жылы самбодан Грузия чемпионы;
– 2014 жылы өткен самбодан Белорус президенті кубогының қола жүлдегері;
– 2014 жылы Самбодан халықаралық турнирдің (Алмавир) қола жүлдегері;

3.Заур Гагнидзе
Бойы: 180 см.
Салмағы: 80 келі.
1991 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– 2014 жылы самбодан Чохелиді еске алу үшін өткен халықаралық турнирдің
жеңімпазы;
– 2014 жылы самбодан өткен Белорус президенті кубогының қола жүлдегері;
Гиоргий Кобаидзе
Бойы: 180 см.
Салмағы: 90 келі.
1990 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– 2014ж. самбодан Грузия чемпионы;
– 2014ж. Грузияның ұлттық күресінен ел чемпионы;

4.Гиоргий Коберидзе
Бойы: 183 см.
Салмағы: 90 келі.
1991 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:– 2007 жылы дзюдодан жасөспірімдер арасында Грузия чемпионы;
– 2010 жылы дзюдодан жастар арасында Әлем чемпионатында 7 орын алған;

Сурет: kazakhstanbarysy.kz

Н. Айдархан