«Қайрат» элиталық раундты ірі жеңіспен бастады

«Қайрат» элиталық раундты ірі жеңіспен бастады

Алматының «Қайрат» футзал клубы УЕФА Кубогының элиталық раундын ірі жеңіспен бастады. Топтағы бірінші кездесуінде «Еременко кубогы» ойындарында есе жіберген ригалық «Никарстан» есесін қайтарды.

Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өткен ойын 11:2 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Нәтижесінде топтың тізгінін қолға алды. Айта кетейік, бразилиялық маман Какау жаттықтыратын «Қайрат» топтың ғана емес, УЕФА Кубогының фавориті.

Алматылық клубпен қатар «С» тобында париждік «Спортинг» пен крагуевацтық «Экономац» клубтары бар. Екі команда арасындағы ойын 4:1 есебімен француздардың пайдасына шешілді.

Бүгін Астана уақытымен 18:00-де «Никарс» «Экономацпен» жолықса, алматылық ұжым «Спортингпен» үш ұпайды сарапқа салатын болады.

Қайрат (Қазақстан)— Никарс (Латвия) 11:2 (6:0)

Голдар: Диванеи 3, Игор 6, 7, 38, Маркао 10, Дуглас 12, Лео 12, Же 25, Кайо Жуниор 27, Жаманқұлов 29, Першин 31 — Архипов-Прокофьев 28, Матюшенко 31.

Қайрат: Маркао, Же — Алешандре Мораэс — Дуглас — Диванеи, Жаманқұлов, Жоан, Игор, Сулейменов, Лео, Першин, Довгань, Кайо Жуниор.

Никарс: Бондарс, Алексеев — Арналдо Перейра — Сень — Шустров, Пастарс, Гнутов, Диаквнишвили, Аванесов, Архипов-Прокофьев, Матюшенко, Забаровский.

Пенальти орындай алмады: Арналдо (5 минут)

Ескертулер: Сүлейманов 33, Довгань 40 — Забаровский 9.

Қақпаға соққылар: 42 (22) — 22 (12)
Бұрыштама: 8-7
Ереже бұзу: 6-8

Сурет: kairat-futsal.kz

О. Сансызбай