Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының қарсыластары анықталды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының қарсыластары анықталды

Бүгін УЕФА штаб-пәтерінде футболдан 17 және 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы 2015/16 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Австрия, Шотландия және Латвия құрамаларымен бірге 2-ші топқа түсті. Топтық кезең ойындары алғаш рет елімізде өтеді деп жоспарлануда. Ойындар 2015 жылдың 10-16 қазан аралығында өтеді.

Ал, 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Германия, Сербия және Венгриямен 5-ші топқа түсіп отыр. Кездесулер 2015 жылдың 15-20 қыркүйек аралығында Венгрияда өтеді.

Жеребе тарту рәсіміне Қазақстан футбол федерациясынан Әйелдер футбол бөлімінің басшысы Әнуар Биданов және Әйелдер футболын дамыту бөлімінің өкілі Бауыржан Абдубайтов қатысты.

Аталмыш іріктеу кезеңінде әр топтан үздік шыққан екі команда элиталық раундқа жолдама алады. Екінші кезең 2016 жылдың 5-10 сәуірі аралығында өтеді. Одан кейін екінші іріктеу кезеңінен үздік шыққан жеті үздік ұжым Словакиядағы финалдық кезеңде бақ сынайды. Сегізінші команда ретінде алаң иелері қатысса, Англия мен Испания құрамалары автоматты түрде жолдама алды.

Іріктеу кезеңінің жеребесі:

1 топ: Швейцария, Исландия, Грекия, Грузия;
2 топ: Франция, Чехия, Босния және Герцеговина, Фарер аралдары;
3 топ: Бельгия, Уэльс, Хорватия, Әзербайжан;
4 топ: Финляндия, Польша, Түркия, Литва;
5 топ: Германия, Сербия, Венгрия, Қазақстан;
6 топ: Швеция, Солтүстік Ирландия, Македония, Черногория
7 топ: Нидерланды, Италия, Кипр, Молдова;
8 топ: Норвегия, Португалия, Эстония, Израиль
9 топ: Дания, Румыния, Беларусь, Латвия;
10 топ: Ирландия, Ресей, Словения, Болгария;
11 топ: Шотландия, Австрия, Украина, Албания. 

Сурет: kff.kz