«Еуразия барысында» ел намысын қорғайтын бес балуан

«Еуразия барысында» ел намысын қорғайтын бес балуан

22 қараша күні Тараз қаласында қазақ күресінен «Еуразия барысы» халықаралық турнирі өтеді. Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған жоба биыл қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, жауырыны жерге тимеген балуаны Балуан Шолақтың 150 жылдық мерейтойына арналып отыр. Жарыс алдындағы мерекелік іс-шаралар да ұлт ұлысының жаңа қыр-сырын танытатын қойылымдармен шымылдығын түреді.

Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған додада ел намысын қорғайтын балуандар осыған дейін белгілі болған еді. Бүгін Жеңіс  Биткөзов баптайтын ұлттық құрама балуандарын таныстыруды жөн санап отырмыз.

1. Мұхит Тұрсынов
Бойы: 185 см
Салмағы: 95 келі
1988 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– Қазақ күресінен Әлем кубогының жеңімпазы (2011 ж.);
– Қазақ күресінен Әлем чемпионы (2013 ж.);
– 2014 жылы Қазақстан Барысы (2014 ж.);

2. Дәулетхан Жақыпов
Бойы: 179 см.
Салмағы: 81 келі.
1992 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– 2013 жылы қазақ күресінен Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері;
– 2013 жылы қазақ күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері;
– 2014 жылы «Қазақстан Барысында» төртінші орын алған;
– 2014 жылы дзюдодан Қазақстан чемпионы;

3. Қайрат Ағыбаев
Бойы: 168 см
Салмағы: 72 келі
1993 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– Дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионы (2012 ж.);
– Дзюдодан Еуропа кубогының қола жүлдегері (2012 ж.);
– Дзюдодан жастар арасында өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері (2013 ж.);

4. Абзал Арыстанбеков
Бойы: 170 см
Салмағы: 62 келі
1990 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– Қазақ күресінен Қазақстан чемпионы (2013 ж.);
– Қазақ күресінен Әлем чемпионы (2013 ж.);
– Қазақ күресінен Азия чемпионы (2014 ж.);

5. Айбек Нұғымаров
Бойы: 189 см
Салмағы: 138 келі
1987 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– Қазақ күресінен екі дүркін Азия чемпионы (2011, 2014 жж.);
– Қазақ күресінен екі дүркін Әлем чемпионы (2011, 2013 жж.);
– 2013 жылы Қазақстан Барысы (қазақ күресінен);
– «Әлем Барысы» халықаралық турнирінің вице-чемпионы (2014 ж.);

Белдесулер барысында көрермендер арасында лоторея ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар ойнатылмақ. Қазақ күресінің құрлықтың бәсекесін бұрынғыдай тікелей эфирден «Қазақстан» мен «KazSport» арнасы, ресейлік «Боец» және түркиялық «TRT Avaz» арналары көрсетеді. Сонымен қатар, арналардан қазақ елі, Тараз және қазақ күресі жайлы арнайы бейнебаяндар көрсету де жоспарланып отыр.

Cурет: өңделген

Ө. Сансызбай