Денис Тенге Алматыдан пәтер тарту етілді

О Сансызбай Корреспондент
Денис Тенге Алматыдан пәтер тарту етілді

Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен бүгін Алматыдағы «Mega» ойын-сауық орталығында бір топ жанкүйерлерімен кездесу өткізді, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Кездесуге жиналған жұрттың қарасы да көп болды. Көпшілік қауым спортшыға көкейінде жүрген сұрақтарын жаудырды. Өз кезегінде Денис барлық жанкүйерлерінің сұрақтарын қанағаттандырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Жиналған жанкүйерлер арасында арнайы Астана, Бішкек және Өскемен қалаларынан келген қонақтар да болды. Денис Тен барлық жанкүйерлері мен тілектес жандардың меселін қайтармай, суретке түсіп, өз суретімен қоса қолтаңба берді.

Сонымен қатар, кездесу барысында «Азия Пром Ресорсез» компаниясы Денис Тенге Алматыда салынып жатқан «Central Park Residence» тұрғын үй кешенінен пәтер сыйлады. Спортшы болса, мұндай үлкен сый жасап отырған жандарға өз алғысын білдірді. Алдағы уақытта жаңа қонысында жаттығу залын ашып, дайындығын шыңдай түсуге белсене кірісетінін де жеткізді. Ал жаңа пәтердің толық дайын болуына қарай, Денис Тен қоныс тойын Жаңа жыл қарсаңында тойламақ. «Азия Пром Ресорсез» компаниясының бас менеджері Олег Чен мырза сыйға тартылған пәтердің кең әрі спортшы үшін жайлы екенін алға тартты.

Айта кетейік, Сочи Олимпиадасынан оралғаннан кейін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Денис Тен «Chevrolet Cruze» автокөлігінің кілтін табыстаған болатын. Бұл сыйды да тілге тиек еткен спортшы, жылқы жылы спорттық мансабындағы табысты жылы болғанын жасырмады. 

Сурет: massaget.kz