Денис Тен ертең жанкүйерлерімен кездесу өткізеді

Денис Тен ертең жанкүйерлерімен кездесу өткізеді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанау спортының шебері Денис Тен ертең Алматыдағы жаңадан ашылған «Mega» орталықта жанкүйерлерімен кездесу өткізеді. Бұл туралы спортшының өзі «instagram» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

Кездесу барысында Денис Тен жанкүйерлері мен тілшілерге алдағы жоспарлары туралы мағлұмат береді. Жаңа маусымда алға қойып отырған мақсаттарымен бөліспек. Сонымен қатар, жиналған қауым әлемдік аренада қазақ атын танытып жүрген спортшымен естелік суретке түсуге болады. Бұл туралы Денистің өзі келгендердің кез келген сұрақтарына жауап беріп, «селфиге» түсетінін де жасырмады. 

Баспасөз мәслихаты барысында Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, «Құрмет» орденінің иегері Денис Тенге «Central Park Residence» тұрғын үй кешенінен жаңа баспана берілмек. Әзірге, бұл сыйды кімнің жасайтыны беймәлім қалып отыр. Кездесу Астана уақытымен сағат 12:00-де басталады. 

Айта кетейік, Қазан айында Денис «Skate America» Гран-при кезеңінде жаңа бағдарламамен өнер көрсетіп, қорытындысында төртінші орынға тұрақтаған болатын.

Сурет:horde.me

 

Ө. Сансызбай