Ресей әлем чемионатының логотипін ғарыштан таныстырды

Ресей әлем чемионатының логотипін ғарыштан таныстырды

Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатының ұйымдастыру комитеті доп додасының логотипін ресми түрде жариялады. Логотиптің алғашқы суреті жұртшылыққа Халықаралық ғарыш станциясынан арнайы көрсетілім арқылы таныстырылды.

Логотиптің таныстыруға арналған салтанатты кеш «Кешкілік Ургант» бағдарламасында өтті. Сыйлы қонақтар қатарында Халықаралық футбол қауымдастықтары одағының (ФИФА) президенті Йозеф Блаттер, Ресей елінің спорт министрі Виталий Мутко және 2006 жылы Италия құрамасымен әлем чемпионатын жеңіп алған Фавио Каннаваро болды. Логотип қалың көпшілік назарына алғаш рет ұсынылды.

Айта кетейік, төрт жылдан кейін төрткүл дүние көз тігер дүбірлі дода Ресейдің 11 қаласында өтеді. Стадиондар саны 12-ні құрайды. Қазіргі таңда ресейліктер жаңа стадиондар салып, дайындықтарын шыңдап жатыр.

Cурет: eurosport.ru

Ө. Сансызбай