Чемпиондар лигасы. «Арсенал» Арсенге сый жасады

Чемпиондар лигасы. «Арсенал» Арсенге сый жасады

Футболдан Еуропадағы байрақты бәсекелердің бірі – Чемпиондар лигасының үшінші тур ойындары толықтай аяқталды. Назарларыңызға екінші күні сынға түскен клубтардың нәтижелерін ұсынатын боламыз.

Соңғы минуттағы сәттілік

Лондондық «Арсенал» бас бапкері Арсен Венгердің туған күніне орай  нағыз тосын сый жасады. Әйтпесе соңғы минуттарда «Андерлехттен» ұтылып тұрған болатын. Киран Гиббс 89 минутта есепті теңестірсе, қосымша уақытта Лукаш Подольски алаң иелерінен ұпайды жұлып кетті.

«Боруссия д» - Чемпиондар лигасына арналған клуб!

Неміс ұжымының бундеслигада жолы болмай жүр. Небәрі 14-ші орында тұр. Ал Чемпиондар лигасындағы үш ойын қорытындысында 9 ұпаймен «D» тобының көшін бастады. Юрген Клопп командасы Стамбулда «Галатасарайды» төрт доп басымдығымен жеңіп қайтты.

"D" тобы     Ойын         Жеңіс         Тең         Жеңіліс         Голдар         Ұпай    
1.     Боруссия Д 3 3 0 0 9:0 9
2.     Арсенал 3 2 0 1 6:4 6
3.     Андерлехт 3 0 1 2 2:6 1
4.     Галатасарай     3 0 1 2 2:9 1

«Атлетико» айқын жеңіске жетті

Диего Симоене жаттықтыратын мадридтік клуб өз алаңында «Мальмені» 5:0 есебімен жеңді. Бірінші таймда қорғанысы сыр бермеген швециялық клуб екінші таймда азулы қарсыласқа қарсы қауқар көрсете алмады.

«Ювентус» Пирейден ұпайсыз қайтты

Туриндік клуб Чемпиондар лигасында тәжірбиесі мол ұжым саналғанмен, грек ұжымының өз алаңында сәтті өнер көрсететінін баса айтқан болатынбыз. Нәтижесінде пирейлік клуб Паитим Касами соққан голдың арқасында үш ұпайды еншіледі.

"A" тобы     Ойын         Жеңіс         Тең         Жеңіліс         Голдар         Ұпай    
1.     Олимпиакос     3 2 0 1 4:4 6
2.     Атлетико М 3 2 0 1 8:3 6
3.     Ювентус 3 1 0 2 2:2 3
4.     Мальме 3 1 0 2 2:7 3

«Лудогорец» мықты екенін тағы бір дәлелдеді

Болгар елінің футбол клубы осыған дейін әйгілі «Ливерпуль» мен «Реалға» тең қарсылық таныта білген еді. Үшінші турда швейцариялық «Базель» «Лудогорецке» тең қарсылас саналған. 10 футболшымен қалған қонақтар қорғанысы соңғы сәтте ғана сыр берді. Алаң иелеріне жеңіс сыйлаған голды  Иордан Минев  соқты.

Роналду Мессиден озды

Мадридтік «Реал» өз тарихында ресми кездесуінде «Ливерпульді» алғаш рет жеңді. Карим Бензема дубль авторы атанса, Роналду Чемпиондар лигасындағы 70-ші голын соғып, Мессиден озды. Енді екі гол соқса, Рауль рекордының мұртын бұзатын болады.

"B" тобы     Ойын        Жеңіс         Тең         Жеңіліс         Голдар         Ұпай    
1.     Реал 3 3 0 0 10:2 9
2.     Лудогорец     3 1 0 2 3:4 3
3.     Ливерпуль 3 1 0 2 2:5 3
4.     Базель 3 1 0 2 2:6 3

«Зениттің» леверкузендік клубқа шамасы жетпеді

Ресейлік ұжым ойын басталмай тұрып-ақ аутсайдер саналған-ды. «Байер» өз алаңында жоғарғы деңгейде өнер көрсететін клубтар қатарынан. Статистикада да толықтай басымдыққа иелік етті. Бірінші таймда есеп ашылмағанмен, екінші таймдағы нәтиже алаң иелеріне пайдасына шешілді.

«Бенфика» алғашқы ұпайын еншіледі

Өткен маусымда Еуропа лигасының финалына дейін жеткен лиссабондық «Бенфика» осыған дейінгі екі ойында жеңілістің ащы дәмін татқан-ды. «Монакомен» өткен ойында 76 минуттан бастап 10 ойыншымен қалған португалдық ұжым бір ұпайды өз қоржындарына салды.

"C" тобы     Ойын         Жеңіс         Тең         Жеңіліс         Голдар         Ұпай   
1.     Байер 3 2 0 1 5:2 6
2.     Монако 3 1 2 0 1:0 5
3.     Зенит 3 1 1 1 2:2 4
4.     Бенфика     3 0 1 2 1:5 1

Сурет:AFP

Ө. Сансызбай