Головкин келесі жекпе-жегін 2015 жылы өткізеді

О Сансызбай Корреспондент
Головкин келесі жекпе-жегін 2015 жылы өткізеді

Кәсіпқой бокста ел намысын қорғап жүрген отандасымыз Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 2015 жылы өткізетін болды. Бұл туралы боксшының промоутері Том Лефллер хабарлады.

БӨЛІСУ

Айта кетейік, 2014 жылы GGG 4 кездесу өткізеді деп күтілген болатын. Бірақ, бұл жылды 3 жекпе-жекпен қорытындылауды жөн санаған көрінеді. Ал 2015 жылы Геннадий командасы боксшының шаршы алаңда 4 кездесу өткізуін жоспарлап отыр.

Том Леффлер айтуы бойынша, Геннадий Головкиннің шаршы алаңдағы 32-ші кездесуі Монакода өтуі мүмкін екен. Бұл кездесу ақпан айына жоспарланған. Егер мексикалық Хулио Сезар Чавес (кішісі) жекпе-жекке келісімін беріп жатса, жоспарды өзгерте алатындықтарын да жеткізді. Ол кезде шаршы алаңдағы жұдырықтасу АҚШ жерінде өтетін болады. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін таңертең мексикалық Марко Антонио Рубиомен жұдырықтасқан жерлесіміз екінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын. 

Сурет: today.kz