Неймар Гиннесс рекордтар кітабына енді

Неймар Гиннесс рекордтар кітабына енді

Бразилия құрамасының және каталондық «Барселона» командасының шабуылшысы Неймар Чемпиондар лигасы және Либертадорес кубогы ойындарында хет-трик жасаған алғашқы ойыншы ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енді.

2012 жылдың сегізінші наурызында «Сантос» сапында өнер көрсетіп жүргенде «Интернасьонал» командасына үш бірдей гол соқса, 2013 жылдың 11 желтоқсан күні «Селтик» қақпасына да осындай гол соғып, каталондықтарға айқын басымдылық алып берген. Мұндай көрсеткішті бұған дейін ешқандай футболшы жасамаған екен. Кітапқа алғашқы болып бразилиялық сұрмерген жазылып отыр. Бұл рекордты бұзатын ойыншы шыға ма, шықпай ма, оны алдағы уақыт көрсетеді.

Дайындаған: Бауыржан Жақсымбет

 Сурет: sports.ru

B. ZHAQSYMBET