Мұхаммед Әли киген чемпиондық қолғап сатылды

Мұхаммед Әли киген чемпиондық қолғап сатылды

Кассиус Клей, ал біз Мұхаммед Әли деп танитын тарихтағы ең даңқты боксшының чемпиондық былғары қолғабы аукционда $836 500-ға сатылды.

Осыдан 50 жыл бұрын бокстан аса ауыр салмақта 22 жастағы жігіт Сонни Листонды жеңіп, әлемді өзіне қаратқан еді. Бұл Мұхаммед Әлидің ең бір шешуші жеңісі еді. Енді міне, сол кезде боксшының қолында болған қолғап сатылып отыр.

Бұл уақытқа дейін спорттық қолғап Әлидің бапкері Анджело Дандидің жеке коллекциясында сақталып келіпті. Қолғаптың өз бауы бар, сонымен қатар, шешуші жекпе-жекке дайындаған бапкері Дандидің қолы қойылған.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: sport.obozrevatel.com

А. Құлтай