Месси рекорд жаңартты

Месси рекорд жаңартты

Барселонаның шабуылшысы Лионель Месси бір маусымда 68 гол салып, рекорд жаңартты. Бұл турады FIFA-ның баспасөз агенттігі хабарлап отыр.

Естеріңізге сала кетелік, бұл рекорд 1973 жылдан бері жаңартылмай келе жатқан еді. Немістің футболшысы Мюллер сол жылғы маусымда 67 голдың иесі атанған болатын. Барселоналық Месси 68-ші голын "Малагамен" ойналған ойында қанжығасына байлады. Месси сонымен қатар, "Реалдың" форварды Криштиану Роналдомен хет-тректер саны бойынша теңесті.

Айта кетелік, осы жылдың наурызында Месси әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшы атанды. Жарнамалық келісім-шарттарды есептегенде, оның қалтасына жылына 40 миллион доллар құйылып отырады екен. 

сурет: hotwalls.ru