Қазақстан құрамасы Литвамен тең ойнады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан құрамасы Литвамен тең ойнады

Футболдан Түркия жерінде Литва құрамасымен жолдастық кездесу өткізген Қазақстан ұлттық құрамасы 1:1 есебімен тең ойнады.

БӨЛІСУ

Жақында ғана құрама тізгінін ұстаған Юрий Красножан командасы алғашқы минуттарда алаңға бой үйрете алмай жатып, гол жіберіп алды. 4 минутта Лукас Спальвис жерлестеріміздің қақпасын дәл көздеді. Алғашқы таймда осы есеп сақталды. 69 минутта қарымта шабуылға шыққан жерлестеріміз таразы басын теңестірді. Гол авторы - Нұрбол Жұмасқалиев. Қазақстандық футболшыларда есепте алға шығуға бірнеше рет мүмкіндік болған. Бірақ нәтиже әкелмеді. Осылайша ресейлік маман Юрий Красножан алғашқы кездесуін тең нәтижемен бастады. 

Қазақстан — Литва 1:1 (0:1)
Голдар: Спалвис 4 (0:1), Жұмасқалиев 69 (1:1)
Ескерту: Нұрғалиев 90
Қазақстан: Сидельников, Шомко Энгель, Коробкин, Логвиненко, Дмитренко, Шмидтгаль, Жолшиев, Байжанов, Финонченко, Щеткин
Орын алмасты: Остапенко, Нөсербаев, Жұмасқалиев, Нұрғалиев, Мокин, Малый
Литва: Арлаускис, Вичюс, Киянскас, Боровскис, Ваиткунас, Жалюкас, Панка, Калонас, Спалвис, Черных, Новиковас 
Орын алмасты: Валскис
5 наурыз. Анталья. Стадион «Mardan Stadyumu». 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: liter.kz