"Тур де Франс-2013" көпкүндігіне қатысатын "Астана" командасының құрамы белгілі болды

"Тур де Франс-2013" көпкүндігіне қатысатын "Астана" командасының құрамы белгілі болды

Қазақстандық "Астана" велокомандасы Франция жерінде өтетін "Тур де Франс" супер көпкүндік жарысына қатысатын команда мүшелерін жариялады, деп хабарайды Vesti.kz тілшісі.

Сонымен әлемдегі ең танымал, жүз жылдан аса уақыттан бері ұйымдастырылып келе жатқан жарысқа Қазақстан атынан Асан Базаев, Андрей Кашечкин, Алексей Лученко және Дмитрий Муравьевтер қатысатын болды. Ал легионерлерден "Астана" намысын дат Якоб Фульсанг, словениялық Янец Брайкович, швед Фредрик Кессякофф және итальяндықтар Энрико Гаспаротто мен Франческо Гавацци қорғамақ. 

Айта кетейік, "Тур де Франс-2013" көпкүндігінде қазақстандық команданың капитандары болып Фуьсанг пен Брайкович тағайындалды.

Естеріңізге салсақ, "Тур де Франс-2013" жарысы 29-маусым күні Корсиктегі Порто-Веккио қаласынан бастау алып, 21-шілдеде Франция астанасы Париждегі "Елисей алаңдарында" мәреге жетеді. Көпкүндік қиындық деңгейі әртүрлі жалпы саны 21 кезеңді біріктіреді. Жарысқа қатысушылар осы аралықта 3360 шақырымды басым өтулері керек.   

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

Б. Қосмағамбет