Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Йохан Блэйк Мәскеуде өтетін ӘЧ 200 метр қашықтығына қатыспайтын болды

Йохан Блэйк Мәскеуде өтетін ӘЧ 200 метр қашықтығына қатыспайтын болды

Йохан Блэйк Мәскеуде өтетін ӘЧ 200 метр қашықтығына қатыспайтын болды

Ямайкалық спринтер Йохан Блэйк Мәскеуде тамыз айында өтетін жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының 200 метр қашықтығына қатыспайтын болды. Сонымен ол тек "корольдік қашықтықта" (100 метр) өнер көрсетпек. 

Оған себеп спортшының сәуір айында алып қалған жарақаты. Соның салдарынан ол жаттығу жұмыстарын белсенді түрде жасай алмаған. Оның бапкері де осы жағдайды негізге ала отырып, Блэйкті әлем чемпионатының алдында тәуекелге байламауды жөн санапты. Яғни ол 200 метрге жолдаманы сарапқа салу үшін болатын Ямайка чемпионатына қатыспайтын болды.  

Ал Мәскеудегі 100 метр қашықтыққа ол қазіргі әлем чемпионы ретінде wild card есебінен қатысатынын айтқан болатынбыз. Сондай-ақ ол 2011 жылы Тэгуде (Оңтүстік Корея) өткен әлем чемпионатында эстафеталық жарыстың 4х100 метр қашықтығында Ямайка құрамасымен бірге әлем рекордын орнатып, топ жарған еді. 

2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында Блэйк 100 метр мен 200 метрде Усейн Болттан кейін екінші болып келсе, 4х100 метр эстафеталық жарысында бір жыл бұрынғы өздері қойған әлем рекордын бұзып, Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. 

Айта кетейік, оның отандасы Усейн Болтқа әлем чемпионатының 100 метр қашықтығында өнер көрсету үшін жеңіл атлетика федерацияларының Халықаралық ассоциациясы (IAAF) енгізген жаңа ережелерге байланысты ұлттық біріншілікке қатысып, жолдама алуы керек.  

Естеріңізге салсақ, жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты биылғы жылдың 10-18 тамызы аралығында Ресей астанасы Мәскеу қаласында өтеді. Ондағы барлық жарыстар атақты "Лужники" стадионында болады.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: pam65.ru

569 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 20 маусым 2013, 02:05
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...