Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / WBO чемпионы Бейбіт Шүменовке қарсы кездесуден бас тартты

WBO чемпионы Бейбіт Шүменовке қарсы кездесуден бас тартты

WBO чемпионы Бейбіт Шүменовке қарсы кездесуден бас тартты

Жартылай ауыр салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов рингке шығатын қарсылас таппай жүр. Бұл туралы Boxingscene сілтеме жасаған қазақстандық бокс жанкүйерлерінің бірлестігі хабарлады. 

Жақында ғана Бейбітпен кездесуі мүмкін WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Натан Клеверли кездесуден бас тартты. Осыған байланысты қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов былай деп мәлімдеме жасады: "Мен Клеверлимен ол менің атымды сұхбаттарында жиі айтатын болғандықтан, рингте кездесуді ұйғардым. Олардың өздері Клеверли менімен шаршы алаңға шыққысы келеді деп айтты. Сол кезде біз де олармен байланыс орнатуға тырыстық. Бірақ олар Бернанд Хопкинспен болатын кездесуге дайындалып жатқанын айтқан еді. Кейін біз қайтадан хабарластық. Алайда Хопкинс Тэворис Клаудпен жұдырықтасатын болып шешіпті. Сол кезден бастап Клеверли командасымен жоғалып кетті. Хабарласа алмадық. Алайда болашақта егер олар кездесуге келісім беріп жатса, ол мен үшін қуанышты хабар болатыны анық". 

Сондай-ақ Шүменовке қарсы кездесуден өткен аптада Адонис Стивенсоннан нокаут алып қалған американдық Чед Доусон да бас тартыпты: "Доусон Стивенсонмен кездеспей тұрып біз оның промоутері Гэри Шоумен байланыстық. Алайда біздің ұсыныс оны аса қызықтыра қойған жоқ. Бірақ оны құлатқан Стивенсонмен мен де шаршы алаңға шығуға қарсы болмас едім",-дейді чемпион.  

Естеріңізге салсақ, Шүменов соңғы кездесуін 2012 жылдың 2 маусымында мексикандық Энрике Орнеласқа қарсы өткізген болатын. Ол кездесуде жерлесіміз ұпай санымен жеңіске жетіп, чемпиондық атағын қорғап қалды. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: alaman.kz

1795 2
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 11 маусым 2013, 18:35
Пікірлер
+0
11 маусым 2013, 18:51

Шындыққа жанаспайтын әңгіпмеге ұқсап қапты сөздері

+0
12 маусым 2013, 10:37

Бұл Бейбіттің кінәсі емес! менеджер мен промоутерлердің кінәсі, және организацияның да кінәсі бар. Ақша жағынан келіспей отырған болу керек!! Бұл жерде Бәрі Бейбіттен қорқып жүргендей жазып қойыпты гой!! Бейбіт қөп көрінбей кетти жаңалықтардан!! көбірек шығу керек жаналыктарга! сәттілік Бейбітке

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...